Жаңалықтар

Қарағанды облысында 2 бала терезеден құлап кетті

ашық дереккөзі

Қарағанды облысында 2 бала терезеден құлап кетті

Қарағанды облысында бір тәулікте екі бала терезеден құлап кетті деп хабарлады turkystan.kz өңірлік ТЖД сілтеме жасап.  Ведомство дерегінше, 23 сәуір күні сағат 11.50-де «112» пультіне Теміртау қаласы Шевченко көшесіндегі бір қабатты жеке тұрғын үйде ата-анасының қарауынсыз қалған бала баспалдаққа көтеріліп, абайсызда үйдің сыртқы баспалдағынан құлағаны туралы ақпарат түскен. 2020 жылы туған қыз ауруханаға жатқызылған. Күні кеше Қарағандыда да дәл осындай оқиға тіркелді. Онда 2013 жылы туған бала 3-қабаттың терезесінен құлап, облыстық балалар клиникалық ауруханасына жатқызылды. «Құлап қалу себептері бұрынғыдай: терезелері ашық үй-жайларда балаларды қараусыз қалдыру, терезелерде қауіпсіздікті қамтамасыз ететін арнайы шектегіштердің және өзге де құрылғылардың болмауы, терезе алды тақтайларының жанына жиһаз – үстелдерді, орындықтарды, дивандарды орналастыру»,- делінген өңірлік ТЖД хабарламасында. Ведомство москит торлары да үлкен қауіп төндіретінін еске сала отырып, ата-аналарды балаларын қараусыз қалдырмауға шақырды.