Алматы облысында көлік қаққан әйел 2 баласымен тіл тартпай кетті

Алматы облысында көлік қаққан әйел 2 баласымен тіл тартпай кетті

Алматы облысында көлік қаққан әйел 2 баласымен тіл тартпай кетті
ашық дереккөзі
23 сәуірде сағат 22:05 шамасында Ескелді ауданында үш адамның өліміне әкеліп соққан жол апаты болды деп хабарлады turkystan.kz Алматы облыстық Полиция департаментіне сілтеме жасап. Қарабұлақ ауылында 19 жастағы Audi-80 жүргізушісі Алдабергенов көшесімен келе жатып, қолында екі баласы бар 36 жастағы әйелді қағып кетті. Үш жаяу жүргінші де оқиға орнында қайтыс болды. ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды. Жол апатын жасаған жүргізуші ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Көлік арнайы айып тұрағына қойылды.