«Қуанышты күн»: Президент қазақстандықтарды Пасха мерекесімен құттықтады

«Қуанышты күн»: Президент қазақстандықтарды Пасха мерекесімен құттықтады

«Қуанышты күн»: Президент қазақстандықтарды Пасха мерекесімен құттықтады
ашық дереккөзі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын Пасха мерекесімен құттықтады деп хабарлады turkystan.kz Ақордаға сілтеме жасап.
«Құрметті отандастар! Еліміздің православ христиандарын Пасха мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл – діндарлар үшін үміт пен сенімге толы, ерекше қуанышты күн. Пасха мейрамы жұртшылықты ізгілікті істер жасауға ынталандырады, жақындарына жанашырлықпен қарап, мұқтаж жандарға көмек көрсетуге жетелейді. Біздің мәдениетімізбен тығыз астасып, үйлесім тапқан пасха дәстүрлері барлық этнос және діни наным өкілдерін бауырластыра түседі. Сондай-ақ, отбасылық құндылықтарды, қоғамдағы өзара түсіністік пен келісімді нығайтуға септігін тигізеді. Пасха мейрамы әр шаңырақты шаттыққа толтырып, бақытқа бөлесін! Баршаңызға зор денсаулық, толағай табыс тілеймін!» - делінген Президенттің құттықтауында.