Баян Алагөзованың экс-күйеуі жазасын жеңілдетуді сұрады

Баян Алагөзованың экс-күйеуі жазасын жеңілдетуді сұрады

Баян Алагөзованың экс-күйеуі жазасын жеңілдетуді сұрады
ашық дереккөзі
Белгілі продюсер Баян Мақсатқызының бұрынғы күйеуі Бақытбек Есентаев соттан жазасын жеңілдетуді сұрады. Алматы облыстық соты хабарлауынша, ол қазір Қапшағай маңындағы Заречный ауылындағы қатаң режимдегі ерлер колониясында жатыр деп жазды turkystan.kz. Заречныйдағы түрме - аса ауыр қылмыс істеген адамдар жазасын өтейтін ең жоғары қауіпсіздік мекеме. Бақытбек Есентаев бұдан екі жыл бұрын жазасын жеңілдетуді сұраған.
«Бақытбек Есентаев 2020 жылы өзіне қатысты «Жазаны өтеуді жеңілдету туралы» өтініш берген. Бірақ Қапшағай қалалық соты 2020 жылдың 6 сәуірінде оның өтінішін қанағаттандырмады», – деді Алматы облыстық сотының өкілдері.
Еске салайық, Бақытбек Есентаев «өз әйелін өлтіруге оқталды, сонымен қатар сексуалдық сипаттағы қылмыстар жасады» деп айыпталған. 2016 жылдың қарашасында 9 жылға бас бостандығынан айырылған. Тағы оқи отырыңыз: Баян Алагөзова бизнесін тартып алғандардың есімін атады (ВИДЕО)