«Президенттің өкілеттігі қысқарады»: Тоқаев Конституцияға өзгертулер енгізу жөнінде кеңес өткізді

«Президенттің өкілеттігі қысқарады»: Тоқаев Конституцияға өзгертулер енгізу жөнінде кеңес өткізді

«Президенттің өкілеттігі қысқарады»: Тоқаев Конституцияға өзгертулер енгізу жөнінде кеңес өткізді
ашық дереккөзі
Конституцияға өзгеріс енгізу Қазақстанның билік институттарын қалыптастырудың және ықпалдастықтың, жаңа саяси мәдениетті енгізудің мүлде жаңа моделіне көшкенін білдіреді. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі кеңес отырысында айтты деп хабарлады turkystan.kz
«Шын мәнінде, бұл Қазақстанның билік институттарын қалыптастырудың және ықпалдастықтың, жаңа саяси мәдениетті енгізудің мүлде жаңа моделіне көшкенін білдіреді. Нақты әрі толық түсінікті болу үшін осы модель мен үдерісті Екінші республика ретінде белгіледім. Жаңа парадигмаға сәйкес, Президенттің өкілеттігі қысқарады, Парламент пен мәслихаттардың рөлі айтарлықтай күшейеді. Азаматтардың қатысуы едәуір артып, құқық қорғау саласы жүйелі түрде нығаяды», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Сондай-ақ Президент Конституцияға өзгеріс Жолдауда айтылған саяси бастамаларды жүзеге асыру үшін керек екенін айтты.
«Жұмыс тобы қажетті түзетулерді әзірледі. Бұл іске белгілі заңгер ғалымдар, адам құқықтары жөніндегі уәкіл, Парламент және мемлекеттік органдардың өкілдері атсалысты. Конституциялық Сотта, Конституциялық Кеңесте жұмыс істеген ғалымдарымыз бар. Ата Заңымыздың жаңа нормаларын әзірлегенде олардың мол тәжірибесі септігін тигізгені анық. Әсіресе, Конституциялық Сотты құру және оның жұмыс тәртібін реттеу мәселесі туралы ой-тұжырымдар пайдалы болды, – деді Президент.
Жиынға Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев, Парламент Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов, Мемлекеттік хатшы Ерлан Қарин, Президент Әкімшілігінің Басшысы Мұрат Нұртілеу, Әділет министрі Қанат Мусин және жұмыс тобының мүшелері қатысты.