Қамауға алынған Қайрат Құдайбергенге қатысты тың дерек шықты
Қамауға алынған Қайрат Құдайбергенге қатысты тың дерек шықты
Алматы прокуратурасы Алматы мәслихатының депутаты Қайрат Құдайбергеннің ұсталуына қатысты пікір білдірді деп хабарлады turkystan.kz.
«2022 жылғы 21 сәуірде Бас прокуратураның арнайы прокурорларының жетекшілігімен ведомствоаралық тергеу тобы жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастырды және оған қатысты деген күдікпен 1983 жылы 25 желтоқсанда туған Құдайберген Қайрат Құдайбергенұлын ұстады» делінген Алматы қаласы прокуратурасының баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Ұсталған Қайрат Құдайберген Алматы қалалық Полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды.
«Алдын ала тергеу барысында Қ.Қ. Құдайберген А.Б. Жұмагелдиевпен бірге (лақап аты «Дикий Арман») «Қазақстан» қонақүйінде халықты жинап, Жұмагелдиевтің төңірегіне бірігуге, оны қолдап, билікке ортақ талаптар қоюға шақырып, адамдарды 10 адамнан тұратын «торларға» бөліп, оларды топтасу белгісі ретінде қолдарына ақ мата байлауды тапсырған», - деді баспасөз қызметі.
Ведомство «Құдайберген - Жұмагелдиев ұйымдастырған бұл заңсыз әрекет күш көрсету және әртүрлі ауырлықтағы дене жарақатын келтірумен жаппай төбелеске ұласқанын» атап өтті.
«Құдайбергеннің тәртіпсіздіктерді ұйымдастырғаны және оған қатысқаны «Қазақстан» қонақүйінде ұсталған Жұмагелдиев тобының мүшелерінің ұялы телефондарынан алынған бейнежазбалар мен куәгерлердің айғақтары арқылы расталады» делінген Алматы қаласы прокуратурасының баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Бұған дейін Алматыда мәслихат депутаты Қайрат Құдайбергеннің ұсталғаны хабарланған болатын.