Мобильді аударымдар: такси жүргізушілері салық төлеуге міндеттелді ме?

Мобильді аударымдар: такси жүргізушілері салық төлеуге міндеттелді ме?

Мобильді аударымдар: такси жүргізушілері салық төлеуге міндеттелді ме?
ашық дереккөзі
Бұл сұраққа Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті басқарма басшысының орынбасары Айнұр Сартаева жауап берді деп хабарлады turkystan.kz. Айта кетсек, мобильді аударымдарды бақылау мерзімі мен тәртібін бекіту туралы бұйрық 15 сәуірде күшіне енді. Бұл өзгеріс салықтан жалтарып, табысын жасырып жүрген азаматтарға бола енгізілген. Алайда Қазақстанның барлық азаматтарын жаппай тексеру 2025 жылы ғана іске асырылады. Биыл бақылау тек мемлекеттік қызметкерлер, олардың жұбайлары, мемлекеттік қызметке теңестірілген адамдар мен жұбайларына ғана қатысты.
«Айта кетерлігі, ол азамат қанша теңге алды, кімнен алды дегендей артық ақпарат болмайды, яғни жеке бастың құпиясы сақталады. Тек қана ЖСН нөмірі беріледі. Тізімді алған соң мемлекеттік кірістер органдары тиісті салықтық бақылау, әкімшілендіру жұмыстарын жүргізеді. Аталған жұмыстар аясында сол азаматтарға хабарлама жібереді, хабарламаны алғаннан кейін азаматтар алған мобильді аударымдарды қандай мақсатта алғанын дәлелдеуі қажет», – дейді Мемлекеттік кірістер комитеті басқарма басшысының орынбасары.
Бұл шара кезең-кезеңімен жүзеге асырылады. Мәселен, 2022 жылдан бастап мемлекеттік қызметкерлер мен олардың жұбайлары бақылауға алынса, 2023 жылдан бастап бюджеттік сала қызметкерлері мен олардың жұбайларының, квазимемлекеттік сектор қызметкерлері мен жұбайлары тексеріледі. Тек 2024 жылдан бастап заңды тұлғалар мен олардың құрылтайшыларының, жұбайлары мен жеке кәсіпкерлердің, олардың жұбайларының мобильді аударымдары жоғарыда аталған әдіспен бақыланатын болады. Ал 2025 жылдан бастап еліміздің басқа санаттағы барлық азаматтары осы бақылауға енеді.
«Қазірге барлығының бірдей уайымдайтын реті жоқ. Себебі дәл қазір оларды ешкім тексергелі жатқан жоқ», – деді маман.