Үш банк біріктірілді

Үш банк біріктірілді

Үш банк біріктірілді
ашық дереккөзі
Қазақстандық қор биржасының (KASE) хабарлауынша, Forte bank АҚ таратылып, қайта ұйымдастырылды. Қор биржасының мәліметінше, Қазақстандағы «Темірбанк» АҚ мен ABC Bank АҚ өз қызметтерін тоқтатып, Forte bank АҚ құрамына енді. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» ҚР Заңының 6-3, 19-шы бабын басшылыққа ала отырып «Темірбанк» АҚ мен ABC Bank АҚ қызметтерін тоқтату туралы бұйрық шығарды. «Заңды тұлғалардың қызметтерін тоқтатылуын тіркеу туралы мәліметтерді «Заңды тұлғалар» Мемлекеттік дерек қорының бизнес сәйкестендіру нөмірі Ұлттық реестіріне енгізілсін,» — делінген бұйрықта.