Маңғыстау облысында 4 жасар бала інісінің басынан теуіп, сүйегін ойып жіберген (ФОТО)

Маңғыстау облыстық балалар ауруханасында 6 айлық баланың бас сүйегіне трепанация жасалды деп хабарлады turkystan.kz.

Бұл туралы блогер Азамат Сәрсенбаев Instagram-дағы парақшасында бөлісті.

Қазір бала травматология бөлімшесінде орташа ауыр халде жатыр.

Оқиға 20 сәуір күні болған. Кешкі сағат 19:35 шамасында балалар ауруханасының қабылдау бөлмесіне шұғыл түрде «жабық бас сүйек – ми жарақаты, паринетальды сүйектің сынуы, ми контузиясы» диагнозымен 6 айлық бала жеткізілген.

Сәрсенбаевтың айтуынша, ата-анасы 4 жасар баласы абайсызда басынан тепкенін айтқан.

«Сәбиге операция жасалды. Балалар нейрохирургі Ербол Кенжевалов сүйекті трепанациялау жолымен сәтті ота жасады. Зақымдалған ойықты қалпына келтірді», – деп хабарлады Сәрсенбаев.

Қазір бала травматология бөлімшесінде орташа ауыр халде жатыр.

бас

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button