«Самұрық-Қазына» мемлекетке 170 млрд теңге дивиденд төлейді

«Самұрық-Қазына» мемлекетке 170 млрд теңге дивиденд төлейді

«Самұрық-Қазына» мемлекетке 170 млрд теңге дивиденд төлейді
ашық дереккөзі
«Самұрық-Қазына» қорының 2021 жылғы таза пайдасы 1,6 трлн теңгені құрады. Қор түскен ақшадан Үкіметке 170 млрд теңге дивиденд төлемек деп хабарлады turkystan.kz. «Самұрық-Қазына» қорының басқарушы директоры Нәзира Нұрбаеваның айтуынша, Қор тобы үшін 2021 жылдың қорытындысы айтарлықтай нәтижелі болды. Ең бастысы, 2020 жылғы дағдарыстан кейін компаниялардың іскерлік белсенділігі қалпына келген.
«2021 жылы Қор республикалық бюджетке 88,3 млрд теңге дивиденд төледі. Өткен жылдың оң нәтижелерін ескере отырып, биыл «Самұрық-Қазына» мемлекетке 170 млрд теңге дивиденд төлеуді жоспарлап отыр. Өткен жылы Қордың портфельдік компаниялары республикалық бюджетке салық түрінде 1,2 трлн теңгеге жуық қаражат аударды. Бұл республикалық бюджетке түсетін жылдық түсімдердің 10%-ын құрайды. Қор қоғамның әлеуметтік қажеттіліктеріне де қаржы бөледі», – деді Нәзира Нұрбаева.
Қор өткен жылы компанияларының атынан әрекет ететін «SK-Trust» корпоративтік қоры былтыр жалпы сомасы 7,1 млрд теңгеге 32 жобаны жүзеге асырған. Тағы оқи отырыңыз: ҚТЖ, «Самұрық-Қазына», «Самұрық-Энерго» басшылығына қатысты тергеу жүріп жатыр