«Ресейдің мобилизациясы ештеңе шешпейді» - Зеленский

«Ресейдің мобилизациясы ештеңе шешпейді» - Зеленский

«Ресейдің мобилизациясы ештеңе шешпейді» - Зеленский
ашық дереккөзі
Украина Президенті Владимир Зеленский Ресейдің жаңа батальон-тактикалық тобы мен украин жеріндегі «мобилизациясы» ештеңе шешпейтінін мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz «Украинская правда» порталына сілтеме жасап. Ол Ресей қарулы күштерінің Донбасс ауданына жаңа әскерді қайта топтастырып, жергілікті тұрғындарды «мобилизация» жасап, өз қатарына тартқысы келіп жатқан әрекетінен түк шықпайтынын айтты.
 «Ресейге енді ештеңе көмектесе алмайды. Олар тек жеңілістің уақытын ғана соза алады. Біздің жерімізден масқара болып кетеді», – деді Зеленский.
АҚШ Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, Ресей Украинаға тактикалық батальондар топтарын әкелуді жалғастырып жатыр. Қазір олардың саны 85-ке жетті. Тағы оқи отырыңыз: АҚШ Украинаға тағы да әскери көмек бермек