АҚШ Украинаға тағы да әскери көмек бермек

АҚШ Украинаға тағы да әскери көмек бермек

АҚШ Украинаға тағы да әскери көмек бермек
ашық дереккөзі
АҚШ тағы да Украинаға ондаған ауыр зеңбірек, оқ-дәрі мен әскери дрондарды жібереді. Осы мақсатта қомақты қаражат жұмсамақ деп хабарлады turkystan.kz. АҚШ өткен аптада да Украинаға 800 миллион доллар көлемінде әскери көмек жөнелткен. Енді тағы да Украинаға әскери көмек ретінде 800 миллион доллар бөлмек. Пентагон болса, ендігі әскери көмектің алғашқы партиясы Украинаға 2 күн ішінде жеткізілетінін айтты.
«Біз соңғы екі айда Украинаға қару-жарақ пен техниканы барынша жылдам жөнелттік. Танктер мен тікұшақтарға және дрондарға қарсы мыңдаған қару, бұдан бөлек, пулемет, автомат және радарлық жүйелер жібердік. Қазірге дейін 50 мың оқ-дәрі аттандырылды. Сондай-ақ біз Украинамен барлау мәліметтерін бөлісіп келеміз», – деді АҚШ Президенті Джо Байден.
Тағы оқи отырыңыз: «Украинаға ай сайын 7 млрд доллар қаржылай көмек қажет» – Зеленский