Астанада көлігін жол бойында қалдыратын жүргізушілерге айыппұл салына бастайды

Астанада көлігін жол бойында қалдыратын жүргізушілерге айыппұл салына бастайды

Астанада көлігін жол бойында қалдыратын жүргізушілерге айыппұл салына бастайды
ашық дереккөзі
22 сәуірден бастап елорда аумағында көлігін жол бойына қалдырып кететін жүргізушілерге айыппұл салу басталады деп хабарлады turkystan.kz. Айыппұл салу қала көшелерін аралап жүретін 2 көліктің ішіне орнатылған арнаулы аппарат арқылы жүзеге асырылады.
«Бүгіннен бастап елорда аумағында сертификаты бар «Дозор М» автоматтандырылған аппарат жүйесі енгізіледі. Бұл аппараттың көмегімен жол бойында екінші қатарда тұрған көліктерге жол белгілерін бұзғаны үшін әкімшілік құқықбұзушылық туралы ұйғарым рәсімделеді. Мәселен, кейбір жүргізушілер Түркістан көшесі бойы жолында екінші қатарға көліктерін қояды. Немесе көлік қоюға болмайтын белгі тұрғанына қарамастан, жүргізушілер көліктерін қалдырып кетеді. Осылайша басқа көліктердің қозғалысына кедергі келтіреді. Аялдамаларға тоқтайтын көлік иелеріне де айыппұл жазылады», - деді Нұр-Сұлтан қалалық ПД Әкімшілік полиция басқармасының бөлім бастығы Бауыржан Тоғжұманов.
Оның айтуынша, жаяу жүргішілерге арналған жолаққа көлігін қойған жүргізушілерге де айыппұл салынатын болады. Айыппұл көлемі - 10 айлық есептік көрсеткіш.
«Әзірше қала көшелерінде мұндай аппаратпен жабдықталған 2 көлік қатынайды. Алдағы уақытта олардың саны ұлғайтылатын болады. Осы ретте айта кетерлігі, айыппұлдан түскен қаражаттың барлығы қала бюджетіне түседі», - деді Бауыржан Тоғжұманов.