Әйелінен қорыққан ер адам 8 жылға сотталуы мүмкін

Әйелінен қорыққан ер адам 8 жылға сотталуы мүмкін

Әйелінен қорыққан ер адам 8 жылға сотталуы мүмкін
ашық дереккөзі
23 млн теңгені казиноға тіккен ақтөбелік ұтылған ақшасын әйелінен жасыру мақсатында «ұрлық» ұйымдастырған деп жазды turkystan.kz. Бұл туралы Ақтөбе облысы ПД-ның Instagram-дағы ресми парақшасында жарияланды. 4 сәуір күні №2 қалалық полиция бөліміне 29 жастағы ер адам ұрлық бойынша арызданған. Оның айтуынша, 101-атқыштар дивизиясы көшесінде Lada Priora автокөлігінен белгісіз біреулер 23 млн теңге ақша салынған пакетті ұрлап кеткен. Полиция қызметкерлері жедел іс-шараларды жүргізу барысында ұрлық дерегінің қаланың басқа бөлігінде болғанын анықтады. Айғақтарды көрсеткеннен кейін ер адам ұрлық дерегін өзі ойластырып, күдікті ретінде танысын қатыстырғанын айтты. Шын мәнінде, «жәбірленуші» әйеліне айтпай, ақшаны ұтысқа тіккен. Ұтылысын әйелінен жасыру үшін осы ұрлықты ұйымдастырған.
«Осы жағдайға байланысты ҚР ҚК-нің 419-бабы 3-бөлігі («Көрінеу жалған сөз жеткізу») бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде», – делінген жазбада.
Бұл бап бойынша 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.