Ресей АҚШ-тың 29 азаматын еліне кіргізбейтін болды

Ресей АҚШ-тың 29 азаматына елге кіруге тыйым салды. Тізімде  Meta (бұрынғы Facebook) компаниясының негізін қалаушы Марк Цукерберг те бар деп хабарлады turkystan.kz.

Бұл шара Ресейге қарсы санкцияларға жауап ретінде қабылданған. Тізімдегі адамдардың саны алдағы уақытта көбеюі мүмкін. Тізімге кімдердің енгені жөнінде Ресейдің Сыртқы істер министрлігі мәлімдеме жариялады.

«Тізімге «русофобтық» көңіл-күй қалыптастыратын жоғары басшылар, бизнесмендер, сарапшылар, журналистер және бірқатар жоғары лауазымды шенеуніктердің жұбайлары енгізілді. Олардың барлығын қосқанда, 29 адам», – делінген мәлімдемеде.

Тағы оқи отырыңыз: АҚШ Ресейге салынған санкциялардың Қазақстанға әсерін барынша жұмсартуға тырысады

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button