«Qnet» қаржы пирамидасының басшылары тергеліп жатыр

«Qnet» қаржы пирамидасының басшылары тергеліп жатыр

«Qnet» қаржы пирамидасының басшылары тергеліп жатыр
ашық дереккөзі
Қаржылық мониторинг агенттігінің Ақмола облысы бойынша аумақтық департаменті жүргізген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде «Qnet» компаниясы халықаралық қаржы пирамидасы құрылымдық бөлімшесінің бір топ тұлғасы мен басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды деп хабарлады turkystan.kz.
«Компанияның Қазақстан Республикасының аумағында тіркеуі жоқ, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырмайды, банктік қызмет пен банктік операцияларды жүргізуге лицензиялары мен рұқсаттары жоқ. Көкшетау қаласының мамандандырылған тергеу соты іс бойынша сотталушылардың біріне қатысты «үйқамаққа алу» бұлтартпау шарасына санкция берді», - деді Қаржылық мониторинг агенттігі баспасөз қызметінің өкілі Әлібек Әбділов.
Оның айтуынша, Қылмыстық кодекстің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіне қатысты өзге мәліметтер жарияланбайды.
«Қаржылық мониторингі агенттігі азаматтарды сақ болуға және қаржылық пирамидаларға тартатын алаяқтардың айлаларына түспеуге шақырады. Егер сіз қаржылық пирамидаға тап болсаңыз немесе таныстарыңыз бен жақындарыңыз осындай пирамидаға тартылған болса, агенттікке хабарласыңыз», - деді Әлібек Әбділов.