«Мұғалім мектепте небәрі 2 құжат толтырады» – Асхат Аймағамбетов

«Мұғалім мектепте небәрі 2 құжат толтырады» – Асхат Аймағамбетов

«Мұғалім мектепте небәрі 2 құжат толтырады» – Асхат Аймағамбетов
ашық дереккөзі
Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов «Жедел желі» бағдарламасында қонақта болып, мұғалімдерді артық құжат толтыруға мәжбүрлейтіндердің жазаға тартылатынын ескертті деп хабарлады turkystan.kz.
«Қазір білім ошақтарында ұстаз мектепте небәрі 2 құжат толтырады. Олар: электронды жүйеде оқушыға баға қою және күнделікті сабақ жоспарын әзірлеу. Ал электронды күнделікті қосымша қағаз бетіне басып шығару – заңбұзушылық», – деді министр.
Соңғы жылдары мұғалімдерді артық құжат толтыруға итермелеген 700-ден астам басшы әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
 «Әр мектепте педагогикалық этика бойынша кеңестерді құрдық. Бұл – бір. Егер ол педэтика кеңесіне барғысы келмесе, облыстарда Бақылау департаменттері бар, соларға телефон соғып немесе ватсапқа ақпарат беруге болады. Барлық осындай шағымдар бойынша біз міндетті түрде жауапкершілікке тартамыз», – деді Асхат Аймағамбетов.
Тағы оқи отырыңыз: Қағазбастылық: Атырауда 57 мектеп пен балабақша директорының орны бос тұр