Головкин «Канело» үшін чемпиондық белбеуінен айырылуы мүмкін

Головкин «Канело» үшін чемпиондық белбеуінен айырылуы мүмкін

Головкин «Канело» үшін чемпиондық белбеуінен айырылуы мүмкін
ашық дереккөзі
Геннадий Головкин Сауль «Канело» Альвареспен екінші орташа салмақта қолғап түйістіретін болса, орта дивизиондағы IBF титулынан айырылады деп хабарлады turkystan.kz vesti.kz сайтына сілтеме жасап. Бұл туралы менеджер әрі комментатор Бен Дэймон өзінің Twitter желісінде айтты.
«Головкин «Канеломен» жұдырықтасамын десе, белбеуден бас тартуы керек. Сонда оның орта дивизиондағы атағы үшін Фалькао мен Зерафа айқасады», - деп жазды Дэймон.
IBF ұйымының ережесіне сәйкес, Головкин салмақ ауыстырса, жаңа дивизионда топ-5 тізіміне кіреді. Сол кезде «Канелоға» қарсы шаршы алаңға шыға алады. Бірақ орта дивизиондағы чемпиондық белбеуінен айырылады. Тағы оқи отырыңыз: «Канело» Головкинмен үшінші жекпе-жек туралы айтты