Күдікке ілінген Нұрлан Мәсімовке іздеу жарияланды

Күдікке ілінген Нұрлан Мәсімовке іздеу жарияланды

Күдікке ілінген Нұрлан Мәсімовке іздеу жарияланды
ашық дереккөзі
Павлодар облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Нұрлан Мәсімовке Қылмыстық кодекстің 366-бабының 4-бөлігі («Пара алу») бойынша айып тағып, іздеу жариялады деп хабарлады turkystan.kz. Істі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департаменті Ішкі істер министрлігімен бірлесіп тергеп жатыр. Осы факті бойынша оның іс-әрекеті сырттай сараланып, тергеу соты «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасымен санкциялады.
«Қазіргі уақытта Н.М. Мәсімовке іздеу жарияланды. Іс бойынша оның орналасқан жерін анықтау бойынша қажетті жедел-іздестіру іс-шаралары және істің барлық мән-жайларын анықтауға бағытталған басқа да тергеу іс-әрекеттері жүргізілуде. Тергеу нәтижелері бойынша тиісті іс жүргізу шешімі қабылданатын болады. Өзге ақпарат қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайды», - делінген Антикор қызметінің хабарламасында.
Айта кетсек, Нұрлан Мәсімов пен ҰҚК-нің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімовтің әкелері ағалы-інілі болып келеді.