Ресейлік әйел Қазақстаннан ұлының әкесін іздейді

Ресейлік әйел Қазақстаннан ұлының әкесін іздейді

Ресейлік әйел Қазақстаннан ұлының әкесін іздейді
ашық дереккөзі
Ресейлік Наталья Алексеева ұлының әкесін іздеу үшін Қазақстанға арнайы келген. Ол баласының әкесін 30 жылдан берін көрмеген деп хабарлады turkystan.kz 31 арнаға сілтеме жасап. Оның айтуынша, іздеп жүрген ер адамы өзінің ұлы бар екенін білмейді екен. Енді ол «одан маған ештеңе керек емес. Тек ұлым әкесін көрсе болды» дейді. Алайда Наталья іздеу жұмыстарын неден бастарын білмейді. Өзінің сипаттауынша, баласының әкесі қазақ, орта бойлы және Алматының тумасы. Жас кезінде Ресейге алма жеткізумен айналысқан екен. Ер адам 1990 жылдың қыркүйегінде Натальямен танысып, көңіл жарастырған.
«Менің өмірімде болғаны үшін оған алғыс айтқым келеді. Бізді тағдыр жолы екіге бөлді. Маған ақылды, әдемі ұл сыйлады. Ол отбасылы болса да бәрібір. Маған оның ақшасы да, көлігі де керек емес. Тек ұлымның әкесімен танысқанын, көргенін қалаймын», – деді Наталья Алексеева.
Тағы оқи отырыңыз: Бір ай бұрын із-түзсіз жоғалған аяғы ауыр келіншекке халықаралық іздеу жарияланды