Микки Рурк бар байлығын украин көмекшісіне қалдырады

Микки Рурк бар байлығын украин көмекшісіне қалдырады

Микки Рурк бар байлығын украин көмекшісіне қалдырады
ашық дереккөзі
Америкалық атақты актер Микки Рурк Дмитрий есімді көмекшісіне бүкіл мұрасын қалдыратынын айтты деп хабарлады turkystan.kz. Бұл туралы Голливуд актері ресейлік журналист Ксения Собчакқа берген сұхбатында айтты.
«Менің жасым 70-ке келді. Мен көмекшіме жинаған дүниемнің бәрін өсиет етіп қалдырдым. Дима - менің ең жақсы досым. Егер онымен бірдеңе болса, мен не істерімді білмеймін. Мен, тіпті, өз үйімнің мекен-жайын да білмеймін», - деді ол.
Ал актердің ассистентінің айтуынша, ол 2014 жылы АҚШ-қа Украинадан жұмыс іздеп келген. Сол кезден бері Микки Рурктың шаруашылығына көмектесіп келеді.
«Ол – шығармашылықтың адамы. Сценарийлерді өзі жазады. Ал шаруашылықта өз бетінше ешнәрсе істей алмайды. Сол үшін мен оның барлық шаруасына көмектесіп келемін», - деді ол.
Тағы оқи отырыңыз: Америкалық актер қазақстандық қайырымдылық қорына ақша аударады