Бас прокуратура Қайрат Құдайбергеннің ұсталғанын растады

Бас прокуратура Қайрат Құдайбергеннің ұсталғанын растады

Бас прокуратура Қайрат Құдайбергеннің ұсталғанын растады
ашық дереккөзі
Бас прокуратура Алматы қаласы мәслихатының депутаты Қайрат Құдайбергеннің қаңтар оқиғасының ісі бойынша ұсталғанын растады деп жазды turkystan.kz.
«Қайрат Құдайберген 21 сәуірде уақытша ұстау изоляторына қамауға алынған», – деп мәлімдеді прокуратураның баспасөз хатшысы Дархан Дүйсембай.
Еске сала кетсек, қаңтар оқиғасы кезінде Алматы қаласынан тараған видеоларда кәсіпкердің «Дикий Арман» лақап атымен белгілі Арман Жұмагелдиевтің жанында жүргені көрінген болатын. 7 қаңтарда Алматыда полицейлер Арман Жұмагелдиевті ұстаған еді. Бас прокуратура Арнайы прокурорлар қызметінің бастығы Ризабек Ожаровтың айтуынша, «Дикий Арман» тобы қаңтар оқиғасы кезінде 24 бейбіт тұрғынды ұрлап, күштеп ұстаған.