Алматы облысында тау болып үйілген жануарлардың өлексесі табылды (ВИДЕО)

Алматы облысында тау болып үйілген жануарлардың өлексесі табылды (ВИДЕО)

Алматы облысында тау болып үйілген жануарлардың өлексесі табылды (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Белсенділер мен депутаттар Алматы облысы Талғар ауданы Дәулет ауылында орналасқан балық ұнын өндіретін зауыт аумағынан үйілген жануарлар қалдығын тапты деп хабарлады turkystan.kz stan.kz-ке сілтеме жасап. Ірі қараның сүйектері, терісі мен қалдықтары арнайы қоршаумен қоршалмаған. Белсенділер мұның қоршаған орта мен тұрғындар денсаулығы үшін қауіпті екенін айтады. Тексеріс кезінде зауыттан өзге де заңбұзушылықтар анықталды. Кәсіпорында жуып-шаятын қазандық жұмыс істеп тұрған, алайда ол арнайы септикпен қамтамасыз етілмеген әрі рұқсаты да болмаған. Цех жұмысшылары кәсіпорын аумағында қорғаныш костьюмі, қолғап және бетперде кимеген. Мәселені Талғар аудандық әкімдігінің қызметкерлері өз бақылауына алды.
«Заңбұзушылықты жою үшін бір апта мерзім берілді. Келесі аптада Алматы облысы Экология департаментінің қызметкерлері зауытта сараптама жүргізеді. Кәсіпорынға айыппұл салынады. Қазір Талғар аудандық ветеринарлық станциясына біздің тарапымыздан хат жіберіледі», - деді әкімдіктің баспасөз қызметіндегілер.