Қырғызстан ҰҚМК «Z» әрпі бар киімдерді киюге тыйым салды

Қырғызстан ҰҚМК «Z» әрпі бар киімдерді киюге тыйым салды

Қырғызстан ҰҚМК «Z» әрпі бар киімдерді киюге тыйым салды
ашық дереккөзі
Қырғызстан Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті Жеңіс күнін атап өту кезінде «Z» әрпі бар киімдерді кимеуге шақырды деп хабарлады turkystan.kz Қырғызстан ҰҚМК баспасөз қызметіннің мәліметінше, интернетте 9 мамыр - Жеңіс күніне орай, Z белгісі бар әскери киімдер мен костюмдерді жалға беретін компаниялар көпшілік талқысына түскен.
«Ұлттық қауіпсіздік органдары карнавал костюмдерін жалға беретін ұйымдарды ұлтаралық араздықты қоздыруға ықпал ететін әскери киім мен «Z» символы бар костюмдерді жалға бермеуге, сондай-ақ қала тұрғындарын 9 мамырда Жеңіс күніне орай өтетін «Мәңгілік полк» шеруінде аталған киімді кимеуге шақырады», - делінген хабарламада.
Сонымен қатар, ҰҚМК ұлтаралық араздықты қоздыруға бағытталған іс-әрекеттер үшін жауапкершілік көзделгенін ескертті. Тағы оқи отырыңыз: Қырғызстан Ресейдің биологиялық зертхана құру туралы ұсынысынан бас тартты