Мәдина Бақбергенова Азия чемпионатында «алтын» алды

Мәдина Бақбергенова Азия чемпионатында «алтын» алды

Мәдина Бақбергенова Азия чемпионатында «алтын» алды
ашық дереккөзі
Моңғолия астанасы - Ұлан-Батырда өтіп жатқан Азия чемпионатында әйелдер күресінен Мәдина Бақбергенова чемпион атанды деп хабарлады turkystan.kz. Финалда ол 68 келіде қырғызстандық Мээрим Жуманазаровамен шеберлік байқасты. Қарсыласы 2021 жылы әлем чемпионы атанса, 2020 жылы әлем кубогының жеңімпазы болды. Сондай-ақ, ол 2020 жылы жазғы Олимпиадада қола алса, былтыр Азия чемпионы тұғырына көтерілді. Сондай-ақ, әйелдер күресінде 76 келіде Гүлмарал Еркебаева қола жүлдеге қол жеткізді. Ол жұбаныш белдесуінде моңғолиялық Ариунжаргал Ганбатты жеңді.