Жаңалықтар

«Әрқайсысында кемі 30 мың тұрғын бар»: елорда іргесіндегі ауылдар көмекке зәру

«Әрқайсысында кемі 30 мың тұрғын бар»: елорда іргесіндегі ауылдар көмекке зәру

Абылай Төңкер атты азамат Facebook-тегі парақшасына елорда іргесіндегі Қоянды елді мекенінде бірде-бір спорт және мәдениет нысандары жоқ екенін жазды деп хабарлады turkystan.kz.

Оны оқыған жұрт елордаға жақын орналасқан ауылдардың жол мәселесін де алға тартып, тіпті, Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев және Мәжіліс депутаттары Мақпал Мыса мен Қазыбек Исаны тегтеп отыр.