«Әрқайсысында кемі 30 мың тұрғын бар»: елорда іргесіндегі ауылдар көмекке зәру

«Әрқайсысында кемі 30 мың тұрғын бар»: елорда іргесіндегі ауылдар көмекке зәру

«Әрқайсысында кемі 30 мың тұрғын бар»: елорда іргесіндегі ауылдар көмекке зәру
ашық дереккөзі
Абылай Төңкер атты азамат Facebook-тегі парақшасына елорда іргесіндегі Қоянды елді мекенінде бірде-бір спорт және мәдениет нысандары жоқ екенін жазды деп хабарлады turkystan.kz.
«Астананың іргесінде орналасқан, шамамен 40 мыңдай халқы бар Қоянды ауылына бірде-бір халыққа қызмет көрсететін мәдениет мекемесі салынбаған. Яғни, Қоянды ауылында бірде-бір стадион, спортзал, мәдениет үйі жоқ. Дамыған елу елдің қатарына кіретін Қазақстан Республикасының Ақмола облысы Целиноград ауданы Қоянды ауылы мәдениет жағынан халыққа қызмет көрсету бойынша Африка мен Солтүстік Кореяның артында қалып қойды. Бір кем дүние», - дейді ол.
Оны оқыған жұрт елордаға жақын орналасқан ауылдардың жол мәселесін де алға тартып, тіпті, Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев және Мәжіліс депутаттары Мақпал Мыса мен Қазыбек Исаны тегтеп отыр.
«Астана іргесіндегі барлық ауылдарға тән жағдай. Әрқайсысында кемі 30 мың тұрғын бар. Кей аудан орталықтарынан көп», - деді осы орайда Айбек Қуандық есімді азамат.