Әбдірахманов өзін-өзі өртеген әйелдің айыптауына жауап берді (ВИДЕО)

Әбдірахманов өзін-өзі өртеген әйелдің айыптауына жауап берді (ВИДЕО)

Әбдірахманов өзін-өзі өртеген әйелдің айыптауына жауап берді (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Алматы қалалық Полиция департаменті басшысының орынбасары Рустам Әбдірахманов Нұр-Сұлтанда өзін-өзі өртеп жіберген әйелдің өзіне тағылған айыптарына қатысты пікір білдірді деп жазды turkystan.kz. 20 сәуір күні Рустам Әбдірахманов қаржы пирамидасына байланысты брифинг өткізді. Сұхбатта ол тілшілердің қаржы пирамидасы бойынша тергеуге және өз-өзіне қол жұмсамақ болған әйелдің айыптауларына қатысты сұрақтарына жауап берді.
«Мен бұл жазбаны көрдім. Досмайылова қандай себептермен екені белгісіз, менің бұл істі жапқым келетінін айтады. Бірақ тергеу бойынша күдікті деп танылған 14 адамның   10-ы қамаққа алынған қылмыстық істі қалайша жабуға болады? 8 сәуір күні жұмада мен осы іспен келген 10-12 адамнан тұратын топты өзім жеке қабылдадым. Олар тергеудің жүргізілу барысына көңілдері толмайтынын айтты. Алайда, мен олардың барлық сұрақтарына жауап беріп, заңға сай талаптарының орындалатынына сендіруге тырыстым. Бірақ олар мені естімеді. Артынша, дүйсенбі күні олар Нұр-Сұлтанға барып, осындай қайғылы оқиға болды», – деді Әбдірахманов.
Еске сала кетсек, қаржы пирамидасының инвесторы Бағила Досмайылова Ішкі істер министрлігі ғимаратының алдында өзін-өзі өртеп жіберген болатын. Әйел мұндай шарасыз қадамға баруына Әбдірахмановты кінәлау керек деп видео жариялаған.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Рустам Абдрахманов (@rustam.abdrakhmanov_)

Айта кетсек, Досмайылова қылмыстық іс бойынша жәбірленуші ретінде танылып, Mudarabah Capital қаржы пирамидасының құрбаны болып табылады. Ол пирамидаға 20 миллион теңгеге жуық ақшасын салған.