«3,5 млн доллар!»: құмар ойынға қызыққан азамат ақшаны желге шашқан

«3,5 млн доллар!»: құмар ойынға қызыққан азамат ақшаны желге шашқан

«3,5 млн доллар!»: құмар ойынға қызыққан азамат ақшаны желге шашқан
ашық дереккөзі
Астанадағы «Komekcenter» оңалту орталығына ойынқұмарлықтан емделуге келген азамат 10 жылда 3,5 млн долларын ұттырып, желге шашқан деп хабарлады turkystan.kz inbusiness.kz порталына сілтеме жасап. Орталықтың директоры - клиникалық психолог Нұрлыбек Тұрсынбековтің айтуынша, ойынқұмарлық - тәуелділіктің бір түрі. Игромания, ұтысқұмарлық, ойынқұмарлық, онлайн казино, букмекерлік бәс тігу, онлайн лоторея, ойын автоматтарының бәрі-бәрі – бір-бірімен ілесіп жүретін, жеті ағайынды жұт тәрізді кесел.
«Біздің орталыққа көп емделуші келеді. Мысалы, Батыс Қазақстаннан келген бір пациентіміз 10 жылда құмар ойында жалпы 3,5 млн АҚШ долларын ұттырған. Ем алушылардың көбісі 25-30 жас аралығындағы жігіттер», - деді маман.
Ал Алматы қаласындағы «Asylrehub» оңалту орталығының әлеуметтік қызметкері Ерлан Тәжібаевтың айтуынша, емдеу мекемесіне 2 жылда 600-ден астам адам келіп емделген.
«Бізде емделген бір адам 1,5 млн доллардың дүниесін салып жіберген. Сөйтіп, ол көлігінен, бірнеше пәтерінен, бизнесінен айырылған. Емделушілердің көбі батыс және оңтүстік өңірлерден келеді. Батыстан көп келетіні, ол жақта жалақы басқа өңірлерге қарағанда жоғары деп ойлаймын», - деді ол.
Ойынқұмарлық аурулардың халықаралық классфикациясына F63 немесе «патологиялық ойынға құмарлық» деген атпен кірген. Тағы оқи отырыңыз: Ойынқұмар жігіт 75 млн теңгесінен айырылып қалды (ВИДЕО)