Қорғаныс министрінің басы дауға қалды (ВИДЕО)

Қорғаныс министрінің басы дауға қалды (ВИДЕО)

Қорғаныс министрінің басы дауға қалды (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов журналистердің мемлекеттік тілге қатысты сұрақтарына жауап беремін деп басы дауға қалды деп хабарлады turkystan.kz. Ол мемлекеттік тілде адамның көңіліне қарап сөйлеу керек деген ойын айтты.
«Білесіздер ме, қараңыздар, 100 қазақ жиналып, арасында қазақ тілін білмейтін бір адам (саусағын шошайтты, - ред) болса, біз оның көңіліне қарап, орысша сөйлейміз», - деген сөзі желі қолданушылардың ашу-ызасын тудырды.
Жұрт енді Қорғаныс министрінің бұл сөзіне қарап, оның мемлекеттік тіл туралы түсінігі осындай екен деп жатыр. Тағы оқи отырыңыз: «Қорғаныс министрлігі ай қарап жүрді ме?»: депутат Шпекбаевқа шүйлікті (ВИДЕО)