«Ақша Украинаға кеткен»: Павлодар тұрғыны 40 млн теңгесінен айырылды

«Ақша Украинаға кеткен»: Павлодар тұрғыны 40 млн теңгесінен айырылды

«Ақша Украинаға кеткен»: Павлодар тұрғыны 40 млн теңгесінен айырылды
ашық дереккөзі
Павлодар тұрғыны алаяқтардың есепшотына 40 миллион теңге аударып жіберді деп хабарлады turkystan.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап. Павлодар облысы Полиция департаментінің хабарлауынша, ер адам интернет алаяқтардың құрбаны болған. Оған белгісіз адам хабарласып, өзін банктің қауіпсіздік қызметінің қызметкері ретінде таныстырып, оның атына біреулер несие рәсімдеп жатқанын хабарлаған. Әрі қарай, алаяқ оның шотында ұрлап алатындай ақша бар ма деп сұраған. Ер адам депозитте және шотында ақшаның бар екенін айтқан.
«Осы кезде алаяқ ақшаны басқалар алмайтын қауіпсіз шотқа аудару керектігін айтып, банк нөмірін жіберген. Жәбірленуші ақшаны сол шотқа аударған», - деді Павлодар облысы ПД Криминалдық полиция басқармасы киберқылмыспен күрес бөлімінің жедел уәкілі Арман Әубәкіров.
Оның айтуынша, ұрланған ақша 40 миллион теңге болған.
«Біз барлық ақша аударымдарын қадағаладық. Депозиттік шоттан 40 миллион теңге алынған. Ақша Украинадағы банктердің біріне кеткен», - деді ол.
Осы қылмысқа қатысты тергеу жүріп жатыр. Қылмыскер әлі табылған жоқ. Тағы оқи отырыңыз: ІІМ алаяқтардың жаңа тәсілдерін ескертті