ҰҚК Мәсімовке қатысты түсініктеме берді

ҰҚК Мәсімовке қатысты түсініктеме берді

ҰҚК Мәсімовке қатысты түсініктеме берді
ашық дереккөзі
Мемлекетке опасыздық жасау және билікті басып алуға әрекет жасады деген күдікпен қамауға алынған ҰҚК-нің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімов қамауда ұстау жағдайына, оның ішінде медициналық көмектің көрсетілуіне қатысты шағымданбаған деп хабарлады turkystan.kz. Бұған дейін әлеуметтік желіде Мәсімовтің денсаулығы нашарлағаны, соған байланысты оны босату қажет екені туралы ақпарат тараған болатын.
«Ұлттық қауіпсіздік комитетінің тергеу изоляторында К. Мәсімов Қазақстан Республикасының заңнама талаптарына сәйкес материалдық-тұрмыстық және медициналық-санитарлық жағынан қамтамасыз етілген. Оның тарапынан күзетпен ұстау жағдайында, оның ішінде медициналық көмек көрсетуге қатысты шағым түспеген», - деп хабарлады Ұлттық қауіпсіздік комитеті.
Тағы оқи отырыңыз: «Мәсімов пен орынбасарларын қамауда ұстау мерзімі ұзартылды» – ҰҚК