«Енді министрлердің де туысқандары басшылық қызметке келе алмай ма?» – Сенат төрағасы жауап берді

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев министрлер немесе әкімдер туыстарының басшылық лауазымдарға келуіне тыйым салу мәселесін талқылау керектігін айтты деп жазды turkystan.kz.

Палатаның жалпы отырысынан кейін тілшілер Сенат төрағасынан Президент туыстарына басшылық қызметтерге келуіне тыйым салу тапсырмасы шеңберінде министрлер және басқа да бірінші басшыларға осындай шара қолдану мүмкіндігіне қатысты сұрақ қойды.

«Бұл мәселе қазір Конституциялық реформалардың аясында Президенттікке қатысты қаралып жатқанын білесіздер. Басқа тұлғаларға қатысты, яғни министрлерге немесе әкімдерге байланысты да қарау керек шығар. Бірақ қандай формада болатынын қазір айту қиындау. Біз алдымен Конституцияға өзгерістер енгізейік. Бұл бағытта жұмыс жүріп жатқанын білесіздер. Жұмыс тобына сенаторлар да қатысып жатыр», – деп жауап берді Әшімбаев.

Осы орайда, Сенат төрағасы Конституцияға ірі өзгерістер енгізілетінін атап өтті.

Еске сала кетсек, елімізде Президенттің жақын туыстарының саяси мемлекеттік қызметшілер мен басшылық лауазымдарына орналасуға заңнамалық тыйым салынады. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында мәлім етті.

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button