«Екі күнде екі алтын медаль»: Мейіржан Шермаханбет Азия чемпионы атанды

«Екі күнде екі алтын медаль»: Мейіржан Шермаханбет Азия чемпионы атанды

«Екі күнде екі алтын медаль»: Мейіржан Шермаханбет Азия чемпионы атанды
ашық дереккөзі
Моңғолияның астанасы - Ұлан-Батыр қаласында күрес түрлерінен өтіп жатқан Азия чемпионатында 67 келіге дейінгі салмақта Мейіржан Шермаханбет алтын медальді жеңіп алды деп хабарлады turkystan.kz. Сөйтіп, грек-рим күресінен Қазақстанның ұлттық құрама командасы чемпионатты аяқтап, 10 салмақтың тоғызында жүлде алып, 180 ұпаймен жалпыкомандалық есепте 1-орынға ие болды. Екінші орынды - 151 ұпаймен Иран құрамасы, үшінші орынды 133 ұпаймен Қырғызстан құрамасы иеленді. Қазақстан құрамасында Мейіржан Шермаханбеттің алтын жүлдесінен басқа, Абылайхан Әмзеев (72 кг) пен Диас Қален (82 кг) күміс жүлде алды. 60 келі салмаққа дейінгі белдесуде Ернұр Фидахметовке қола медаль бұйырды. 97 келі салмақта сынға түскен тағы бір балуанымыз Санжар Серікхан жапон балуанына есе жіберді. Санжар қола жүлдені жеңіп алғанда 10 салмақтың бәрінде де медаль болатын еді. Азия чемпионатына балуандарымызды қолдауға барған меценат, спорт жанашыры Рүстем Мұқатовтың айтуынша, грек-рим күресінен Серік Жұмашев жаттықтыратын Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында өте сәтті өнер көрсетті. Отандастарымызда 2 алтын, 5 күміс, 2 қола медаль бар.
«Алдағы уақытта балуандарымыз тағы да еліміздің көк байрағын желбіретіп, құрмет тұғырының биік сатысынан көріне береді. Ол үшін спортшыларға барлық жағдай жасалған. Жарыстарға дайындық та жақсы болып жатыр», - деді кәсіпкер Рүстем Мұқатов.
 width= Тағы оқи отырыңыз: «Сүйінші!»: Әлімхан Сыздықов грек-рим күресінен Азия чемпионы атанды