Алтын адамның мұрасын бүгінге жеткізген...

21 сәуір, 2022 / Бектемір Балықбай
ашық дереккөзі
Алтын адамның мұрасын бүгінге жеткізген... 1970 жылы Жетісудағы Есік қорғанынан шыққан Алтын адам Қазақстанның символына айналғаны белгілі. Ал оның күміс зереншедегі 26 таңбасы көптеген зерттеушінің на­зарын аударғанымен, нақты шешуі ұзақ жылдар бойы табыл­май келген. Физика-математика ғылымдарының кандидаты, доцент, жаратылыстанушы ғалым Мағрипа Жылқыбаева (13.04.1945-24.02.2019) осы көне жазуды зерттеуге 30 жылын ар­нап, нәтижесінде көптомдық еңбек жазып шықты. 1989 жылдан өмірінің соңына дейін Алтын адамның күміс зереншесіндегі 26 таңбасын оп­тика ілімі арқылы зерттеумен айналысқан ға­лым еліміздегі және шетелдердегі 1 000-нан ас­там жартас жазуларының, көне каллиг­ра­фия­лық суреттердің де шифрын ашқан. Ол – әлем­де тұңғыш рет ежелгі дәуірден жеткен құпия жазу үлгілерін, таңбаларды кеңістік бойынша оқу­­дың әдісін тапқан зерттеуші. Петрогли­ф­тер­ді, көне заман жәдігерлеріндегі шифрлы жазу­ларды кванттық оптиканың көмегімен оқу – Мағрипа Жылқыбаеваның әдісі. Мағрипа Шөжеғұлқызы – кванттық фи­зика арқылы әлемде тұңғыш рет Есік қор­ға­нын­­да­ғы Алтын адам мұрасы бойынша прото дәуір­дегі алғашқы адамзат тілінің рас­шиф­ров­ка­сын жасаған жаратылыстанушы ғалым. Ал­тын адамдардың планеталық деңгейдегі ерек­шелігін зерттеу арқылы Сақ қорғандар мен Көк Түрік пирамидаларының құпиясын ашқан қа­зақтан шыққан тұңғыш оқы­мысты. Жуырда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық уни­верситетінің әл-Фараби ғылыми кітап­ха­насында директордың кітапхана ісі жөніндегі орынбасары Жадыра Арекенованың жетек­ші­лігімен «Мағрипа Жылқыбаева – Алтын адам­ның күміс зереншедегі 26 таңбасының құпи­­я­сын ашқан ғалым» деп аталатын дөңгелек үстел-конференция өтті. ЖОО мен ғылыми институттардың профессор-оқытушылары қа­тысқан алқалы жиында ғалымның «Алтын адам­ның аманаты», «Алтын адамның мұрасы» және «Құпия күштер құдіреті» деп аталатын кі­тап­тары туралы баяндамалар жасалды. Жиын­да ғалым еңбектерін білім беру үрдісіне ен­гізу мәселелері де талқыланды. Тарих пәнінің мұғалімі Азиза Оңғарбаева Жамбыл атындағы орта мектебінде ашылған Мағрипа Жылқыбаева атындағы ғылыми музейі аясында жүргізілген таным­дық іс-шаралардың жұмысы туралы слай­д-презентация жасады. Іс-шара барысында Мағ­рипа Шөжеғұлқызының ғылыми мұрасына ар­налған көрме өткізілді. Болат Шарахымбай, «Құрмет» орденінің иегері, қаламгер: – Есік қорғанынан табылған Алтын адам жазу­ларын зерттеушілер бұған дейін де болған. Бірақ күміс зереншеге бедерленген 26 таңбаның әлем­дік деңгейдегі маңызы зор мұра екенін ғы­лыми тұрғыда дәлелдеген ғалым біреу. Ол – Мағрипа Жылқыбаева. Зерттеулерінде 50 мың жыл бұрынғы тарихқа тереңдеген ғалым адамзат баласы үшін аса құнды мәліметтердің бәрін Алтын адамның күміс зереншесіндегі жазу­дан алған. Көне жазудың сырын ашуда мұн­шама көп ғылыми тәсілдерді бір ортаға жұмылдырып зерттеу амалдары оған дейін бірде-бір рет тәжірибеден өтпеген. Мағрипа Жыл­қыбаева жазудың құпиясын физика-математикалық әдіспен терең зерттеп, оқыған әлемдегі тұңғыш ғалым болатыны сол себеп-тен. Мағрипа Шөжеғұлқызы кезінде Алтын адам­ға байланысты комиссия құрған. Оның ішінде мен де болғам. Математикалық есептер­мен қай жерде қандай Алтын адам бар, қай жерде қандай мұнай, металл бар, осының бәрін Ломоносов химияны есептегені сияқты есептеп шығарып қойған. Мен 1990 жылдары «Өркен» деген газетте жұ­мыс істеген кезде ол кісі редакцияға келіп, өзі шифрын ашқан текстегі көне жазуларды бізге оқып беретін. Оны қайталауға біздің тілі­міз жете бермейді. «Бұл – өте құпия жазу, коды бар. Оқу оңай емес» деуші еді. Шынында да, оңай емес сияқты. Өйткені ғалым жазған Ал­тын адам туралы кітаптарды ашсаңыз, осындай құпия жазуларды көресіз. Бұл 49 қабаттан тұра­тын, құпия жазу екенін кітабында түсін­діреді. Коды қиын болғандықтан, ішіне кез келген адам кіре алмайды. Болашақта Мағрипа Жылқыбаеваның ісін жалғастыратын жас ға­лымдар шығады деп үміттенеміз. Айтқұл ХАМИТ, «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының аға ғылыми қызметкері: – Жалпы, Алтын адамға байланысты бұ­рын-соңды мұндай зерттеулер жүргізілмеген. Мағрипа Шөжеғұлқызының деректері – тың. Бізде бірнеше бағытта жүргізілетін Марғұлан оқу­лары, Ақынжанов оқулары сияқты кон­ферен­циялар бар. Негізі, бұл еңбектерді сондай конференцияларда апробация жасасақ, ғы­лыми ізденіс жолындағы бір қабатымызды тол­тырар еді. Өте керемет еңбектер. Ғалым апа­мыздың еңбектерін жарыққа шығарып, қол­дап жатқандарыңызға үлкен рақмет. Алда­ғы уақытта да осы кісінің еңбектері толық жария­ланса дейміз. Қазір Есік музейінің жаны­нан Визит орталығы салынып жатыр. Үш қа­батты ғимарат. Осы кісіге арнап сол жерден бір кабинет ашып, еңбектерін қоюға болады. Бұл кісінің зерттеген бағыты бізге өте қызық болып отыр. Өйткені тың жол.

Б.Балықбай