Жаңалықтар

Генерал-майор Қайдар Қарақұлов изолятордан шықты

ашық дереккөзі

Генерал-майор Қайдар Қарақұлов изолятордан шықты

19 сәуірде ұсталған генерал-майор Қайдар Қарақұлов изолятордан босатылды деп хабарлады turkystan.kz ІІМ Тергеу департаментінің әскери-тергеу басқармасына сілтеме жасап. «Күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қажеттілігінің болмауына байланысты Қ.Қарақұловты Бас прокурордың көмекшісі УҰИ-дан босатты» деп жазылған ІІМ Тергеу департаментінің әскери-тергеу басқармасы таратқан хабарламада. Еске сала кетсек, 2021 жылы 26 тамызда Жамбыл облысы Байзақ ауданы Сарыкемер кентіндегі өрт пен жарылыс фактісі бойынша қылмыстық іс шеңберінде ҚР Қылмыстық кодексінің 453-бабы («Немқұрайлылық») бойынша күдікті деп танылып, «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің бұрынғы қолбасшысы Қ.Қарақұлов УҰИ-ға қамауға алынған еді. Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жалғасып жатыр.