Рудныйда 70-тен астам студент уланып қалды

Рудныйда 70-тен астам студент уланып қалды

Рудныйда 70-тен астам студент уланып қалды
ашық дереккөзі
Рудный қаласында колледж асханаларының бірінде студенттер жаппай тамақтан уланды деп хабарлады turkystan.kz. Қостанай облысы әкімдігінің Денсаулық сақтау басқармасы емдеуге жатқызылған студенттердің жағдайын айтты. Рудный тау-кен технологиясы колледжінің 70-тен астам студенті жергілікті асханада уланған. Зардап шеккендер жүрегі айнып, құсқысы келгеніне шағымданып, қаланың медицина мекемелеріне жүгінген.
«Студенттер ауруханаға жаппай шағымданып барған. Жағдайлары негізінен жеңіл және орташа ауыр. Көпшілігі амбулаториялық емдеуге жіберілді. Дәрігерлер науқастардың асқазанын жуып, алғашқы көмек көрсетті, сосын үйіне қайтарды», - деп түсіндірді облыстық Денсаулық сақтау басқармасы.
Сондай-ақ ведомство 10 студенттің ауруханаға жатқызылғанын хабарлады.