Белгісіз біреулер мемлекеттік мекеменің ғимаратын өртеген

Белгісіз біреулер мемлекеттік мекеменің ғимаратын өртеген

Белгісіз біреулер мемлекеттік мекеменің ғимаратын өртеген
ашық дереккөзі
18 сәуір күні таңертең Ақмола облысы Аршалы ауданында белгісіз біреулер мемлекеттік мекеменің ғимаратын өртеп жіберген деп хабарлады turkystan.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. Келесі күні жергілікті атқарушы органның қызметкері бұл туралы полицияға хабарлап, өрт қойғандарды тауып, оларға шара қолдануды сұраған. Өрт кезінде қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Келтірілген шығын көлемі - 6 миллион теңге.
«Оқиға орнына жеткен жедел тергеу тобы мемлекеттік орган ғимаратынан өрт шыққанын анықтады. Өрт түнгі сағат 03.30 шамасында болған. Қазір өрт ошағы анықталып жатыр», - деп хабарлады полиция.
Өртенген ғимарат маңынан өзіндік иісі бар 3 литрлік шыны құты мен пластиктен жасалған зат табылды. Аталған дерекке қатысты Қылмыстық кодекстің 202-бабы, 2-тармағы («Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Полиция осы қылмысқа қатысы бар адамдарды анықтау үшін жедел іздестіру шараларын жүргізіп, куәгерлерден жауап ала бастады. Осы қылмысты жасаған немесе оған қатысы бар адамдарды анықтау үшін жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатыр.