Түрмеге палау арасына телефон жасырып өткізбек болған адам ұсталды

Түрмеге палау арасына телефон жасырып өткізбек болған адам ұсталды

Түрмеге палау арасына телефон жасырып өткізбек болған адам ұсталды
ашық дереккөзі
Қызылорда қаласындағы ЗК-169/1 мекемесінің сәлем-сауқат қабылдау бөлмесінде тамақ арасына 3 телефонды жасырып өткізбек болған ер адам ұсталды деп хабарлады turkystan.kz.
«Ол аталған мекемеде қамауда отырған айыпталушы 28 жастағы танысына сәлем-сауқат әкелген. Сотталушы ҚР Қылмыстық кодексі 293-бабының 3-бөлігі бойынша жазасын өтеуде. Сәлем-сауқатты тексеру барысында палаудың ішінен 3 телефон және 1 қуаттағыш, 3 SIM-карта табылды», - деп хабарлады Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіндегілер.
Ведомство мәліметінше, аталған дерек бойынша ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 481-бабына сәйкес әкімшілік материалдар жиналып, сотқа жіберілді.