Жаңалықтар

Түрмеге палау арасына телефон жасырып өткізбек болған адам ұсталды

ашық дереккөзі

Түрмеге палау арасына телефон жасырып өткізбек болған адам ұсталды

Қызылорда қаласындағы ЗК-169/1 мекемесінің сәлем-сауқат қабылдау бөлмесінде тамақ арасына 3 телефонды жасырып өткізбек болған ер адам ұсталды деп хабарлады turkystan.kz. «Ол аталған мекемеде қамауда отырған айыпталушы 28 жастағы танысына сәлем-сауқат әкелген. Сотталушы ҚР Қылмыстық кодексі 293-бабының 3-бөлігі бойынша жазасын өтеуде. Сәлем-сауқатты тексеру барысында палаудың ішінен 3 телефон және 1 қуаттағыш, 3 SIM-карта табылды», - деп хабарлады Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіндегілер. Ведомство мәліметінше, аталған дерек бойынша ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 481-бабына сәйкес әкімшілік материалдар жиналып, сотқа жіберілді.