ЦентрКредит Банкі Альфа-Банк Қазақстанды сатып алады

ЦентрКредит Банкі Альфа-Банк Қазақстанды сатып алады

ЦентрКредит Банкі Альфа-Банк Қазақстанды сатып алады
ашық дереккөзі
«Банк ЦентрКредит» АҚ «Альфа-Банк» АҚ сатып алу туралы келісімге қол жеткізді деп хабарлады turkystan.kz. Осылайша,«ЦентрКредит»  банкі қаржы мекемесінің қарапайым акцияларының 100 пайызын сатып алып, «Альфа-Банк Қазақстан» жаңа акционері болады. ЦКБ мәліметінше, «Альфа-Банк» АҚ акционерлерден толығымен шығып, өз өкілдерін директорлар кеңесінен шақырып алады.
«Операция заңды түрде аяқталғаннан кейін ЦентрКредит Банкі банктің ребрендингін жүргізеді. Қабылданған шаралар банктің АҚШ пен басқа да бірқатар елдердің санкциялық тізімінен шығуына ықпал етеді. Осылайша, ол толықтай қазақстандық банк болады. Жеке және заңды тұлғаларға арналған банктік қызметтердің толық кешені», - делінген банк хабарламасында.
ЦентрКредит банк салымшылар алдындағы барлық міндеттемелерін орындау үшін банкті қосымша өтімділікпен өз қаражаты есебінен қолдауға дайын екені, сол арқылы бар клиенттердің ағымдағы жағдайын тез арада шешуге дайын екендігі көрсетілген. «Банк ЦентрКредит» АҚ - 1988 жылы құрылған және заманауи технологияларды пайдалана отырып, ыңғайлы банктік өнімдерге бағытталған әмбебап бизнес үлгісі бар Қазақстандағы алғашқы және ірі коммерциялық банктердің бірі. Банктің кең филиалдық желісі бар және Қазақстанның барлық аймақтарындағы 130-дан астам филиалында заңды және жеке тұлғаларға қызмет көрсетеді.