Жаңалықтар

Ресей рублі ЕАЭО ішінде есеп айырысу валютасы ретінде енгізілмек

Ресей рублі ЕАЭО ішінде есеп айырысу валютасы ретінде енгізілмек

Ресей рублі Еуразиялық экономикалық одақ ішінде есеп айырысу валютасы ретінде енгізілмек деп хабарлады turkystan.kz КТК арнасына сілтеме жасап.

Бірақ бұл сауда-саттық түгел Ресей ақшасы арқылы жүреді деген сөз емес. Сауда және интеграция министрлігі жаңаша өзгерісті былай түсіндірді. Ресей валютасы кедендік баж төлемінен түскен қаржыны бөлу үшін ғана пайдаланылады. Бұл - Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне әкелінетін импорттық тауарларға салынатын салық. Рубльмен қайта есептеу тек Ресеймен және Беларусьпен жүргізілмек. Өйткені бұл мемлекеттер санкция салдарынан АҚШ долларымен есеп айырылыса алмайды. Бұл ретте Армения және Қырғызстанмен арадағы сауда-саттықта америкалық валютада қала бермек.