Нұр-Сұлтанда ер адам оқушы қызға азғындық әрекет жасамақ болған (ВИДЕО)

Елордада ер адамның оқушы қыздың ізіне түсіп, қуған сәті подъездегі бейнебақылау камерасына түсіп қалған деп хабарлады turkystan.kz

Бейнежазбадан оқушы қызбен подъезге артынан ере кірген бөтен ер адам оны баспалдаққа жібермей, қабырғаға қыса түсуге тырысқанын көруге болады. Абырой болғанда, қыз одан сытылып кетіп, өз пәтеріне жете алған.

«Биыл 18 сәуірде сағат 22:22-де «102» арнасына елорда тұрғынынан өзінің 16 жасар қызына үйдің кіреберісінде белгісіз ер адам тиіспек болғаны туралы хабарлама келіп түсті. Полиция қызметкерлері ер адамның жеке басын анықтау бойынша іздестіру іс-шараларын жүргізіп жатыр, алынған видео іс материалдарына тігіледі», – делінген Нұр-Сұлтан қаласы ПД баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Бұл факт Полиция департаменті басшылығының жеке бақылауына алынды.

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button