Еуроодақтың жоғары шенді тұлғасы Киевке келді
Еуроодақтың жоғары шенді тұлғасы Киевке келді
Еуропалық Кеңес басшысы Шарль Мишель Украина астанасында, ол ел президенті Владимир Зеленскиймен кездесуді жоспарлап отыр деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
«Киевтемін. Еркін және демократиялық Еуропаның дәл жүрегіндемін», - деп жазды Ш. Мишель Твиттер желісінде.
Еуроодақтың жоғары шенді тұлғасы өзінің жазбасына қоса фотосурет жүктеген. Оны темір жол станциясының платформасында Украинаның Еуропалық істер және еуроатлантикалық интеграция жөніндегі вице-премьер-министрі Ольга Стефанишина қарсы алып тұр.
Еуропалық Кеңестің басшысы В. Зеленскиймен кездеседі деп жоспарланған. Бұған дейін Украинаға Еуропалық Парламенттің төрағасы Роберта Метсола, Еуропалық Комиссияның төрағасы Урсула фон дер Ляйен және ЕО-ның Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі Жоғарғы өкілі Жозеп Боррель келген болатын.