«Қазір мен интернеттегі «жұлдызбын» - погонын теріс таққан прокурор

«Қазір мен интернеттегі «жұлдызбын» - погонын теріс таққан прокурор

«Қазір мен интернеттегі «жұлдызбын» - погонын теріс таққан прокурор
ашық дереккөзі
Қарағанды облысының прокуроры неліктен погонын теріс тағып алғанын түсіндірді деп хабарлады turkystan.kz tengrinews.kz-ке сілтеме жасап. Облыс әкімі Жеңіс Қасымбектің жетекшілігімен өткен аппараттық кеңесте қызық оқиға болды. Жиында Бас прокуратураға қарасты Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеттің Қарағанды облысы бойынша департаментінің басшысы Жұлдыз Бұламбекова да сөз сөйлеген болатын.
«Бір күн бұрын жейдемді жудым. Таңертең асығыс болғандықтан, жейдеме погон тағуды жасөспірім қызыма тапсырғанмын. Сосын тез киініп, әкімдікке жүгірдім. Себебі жиналыста бірінші сөйлейтінмін. Жолда, әкімдікте погонымның теріс тағылып тұрғанын ешкім айтпады. Бейнеконференцияға қосылып, баяндамамды оқыдым. Бар болғаны осы. Үйде асығыс болғандықтан айнаға да қарап үлгермедім. Тек кейінірек, біраз уақыттан кейін жиналыстан шыққанымда, погондардың дұрыс салынбағанын білдім», - деп түсіндірді ол.
Бұламбекова бұдан былай жұмысқа өз киімін өзі дайындайтынын айтты.
«Қызыма ұрысқан жоқпын, кінәлі өзім ғой. Кішкентай қыз қайдан білсін? Бұдан былай погондарды өзім бекітемін. Болған жағдайға өкінемін. Қазір мен интернеттегі «жұлдызбын». Жалпы, мұндай оқиға менің өмірімде бірінші рет болып отыр», - деді басқарма бастығы.
Тағы оқи отырыңыз: Екі иығына екі түрлі погон таққан шенді ұятқа қалды (ВИДЕО)