Лисаков қаласында 56 жастағы әйелді өлтірген күдікті ұсталды

Лисаков қаласында 56 жастағы әйелді өлтірген күдікті ұсталды

Лисаков қаласында 56 жастағы әйелді өлтірген күдікті ұсталды
ашық дереккөзі
Лисаков қаласы полиция бөлімінің қызметкерлері әйелді өлтірген күдіктіні анықтады деп хабарлады turkystan.kz. 8 сәуірде 56 жастағы әйелдің денесін пәтерінен тауып алған еді. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 99-бабы (Адам өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған. Қылмысты ашу үшін жедел-тергеу тобы құрылды. Жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында полиция қызметкерлері Б.Майлин ауданының тұрғынын ұстады. Ол бұрын ұрлық жасағаны үшін сотталған. Күдікті қамауға алынды. Тергеу амалдары жалғасып жатыр.