Лисаков қаласында 56 жастағы әйелді өлтірген күдікті ұсталды

20 сәуір, 2022 / Өтей Торғайұлы
ашық дереккөзі
Лисаков қаласында 56 жастағы әйелді өлтірген күдікті ұсталды Лисаков қаласы полиция бөлімінің қызметкерлері әйелді өлтірген күдіктіні анықтады деп хабарлады turkystan.kz. 8 сәуірде 56 жастағы әйелдің денесін пәтерінен тауып алған еді. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 99-бабы (Адам өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған. Қылмысты ашу үшін жедел-тергеу тобы құрылды. Жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында полиция қызметкерлері Б.Майлин ауданының тұрғынын ұстады. Ол бұрын ұрлық жасағаны үшін сотталған. Күдікті қамауға алынды. Тергеу амалдары жалғасып жатыр.