Түркістан облысында әйел 24 жыл бойы құжатсыз жүрген (ВИДЕО)

Түркістан облысының полицейлері 24 жыл бойы төлқұжатсыз жүрген әйелге құжат алып берді деп хабарлады turkystan.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Түркістан облысында әйел 24 жыл бойы құжатсыз жүрген (ВИДЕО)
ашық дереккөзі

 

«Созақ аудандық полиция басқармасының көші-қон қызметі бөліміне орта жастағы азамат жеке басын куәландыратын құжат алуға өтініш білдірген. Ол 1998 жылы отбасылық жағдайына байланысты Өзбекстан Республикасынан Қазақстан Республикасына көшіп келген. Содан бері 24 жыл бойы құжатсыз жүрген», - делінген полиция басқармасының хабарламасында.

Өтінішті алысымен көші-қон полицейлері шұғыл түрде Шахноза Мадаминованың құжаттарын рәсімдеп берген.

«Мен осы құжатты алу үшін өтініш білдірген едім. Полиция қызметкерлеріне көп рақмет! Аз уақытта бітіріп берді. Жұмыстарыңыз алға баса берсін», – деді Шахноза Мадаминова.Тағы оқи отырыңыз: Атырау тұрғыны 30 жылдан кейін жаңа құжат алды