Астанада бір әйел бас прокуратура алдында өзін өртеп жіберді

Астанада бір әйел бас прокуратура алдында өзін өртеп жіберді

Астанада бір әйел бас прокуратура алдында өзін өртеп жіберді
ашық дереккөзі
Астанадағы бас прокуратура ғимаратының алдында бір әйел өзін өртеп жіберді, деп хабарлады Қазақстан Бас прокуратурасының баспасөз қызметі. Бақылау-өткізу пунктіне ол әйел үш танысымен бірге келген. Ол қалың киімдерін шешкен соң үстіне бензин құйып, өзін өртеп жіберген.
Бас прокуратураның мәліметі бойынша, оның бұл әрекеті "тосыннан болған және ол өзін өртегенге дейін ешқандай талап қоймаған". Әйел қазір жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлады жергілікті БАҚ. Алдын ала мәлімет бойынша, өзін өртеген әйелдің аты-жөні - Рысманова М. Е., 1968 жылы туған. Рысманова 28 жастағы ұлына шығарылған сот үкіміне наразылық ретінде осындай әрекетке барған делінеді. Былтыр маусым айында оның ұлын аудандық сот есірткі сақтады деген айыппен төрт жарым жылға соттаған. 2015 жылы 20 тамызда Жамбыл облыстық соты апелляциялық шағымды қанағаттандырмаған.