Каспий құбыр желісіндегі ақау қашан реттеледі?

Каспий құбыр желісіндегі ақау қашан реттеледі?

Каспий құбыр желісіндегі ақау қашан реттеледі?
ашық дереккөзі
Мағзұм Мырзағалиев Қасым-Жомарт Тоқаевқа ұлттық компанияның қазіргі жұмыстары, қаржылық жағдайы мен алдағы кезеңдегі даму перспективалары туралы есеп берді деп хабарлады turkystan.kz Ақордаға сілтеме жасап. Кездесу барысында Каспий құбыр желісі консорциумына қатысты ахуалға ерекше назар аударылды. Президентке айлақтың жылжымалы құрылғылар жүйесін жөндеу жұмыстарының жуырда аяқталатыны баяндалды. Бұл Қазақстан мұнайын Каспий құбыр желісі консорциумы арқылы тасымалдаудың бұрынғы көлемін қалпына келтіруге мүмкіндік береді. Каспий Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаевқа Атырау облысындағы полипропилен шығаратын кешен құрылысы туралы мәлімет берілді. Мағзұм Мырзағалиевтің айтуынша, аталған зауыттың құрылысын жуық арада аяқтау жоспарланып отыр. Бұл мұнай-газ химиясының өнімі бойынша Қазақстанның нетто-экспортерге айналуына мүмкіндік береді. Мемлекет басшысы еліміздің мұнай-газ химиясы саласын дамытудың аса маңызды екенін айтты.